«Сауда нүктелерін жабуға қатысты әңгімеге келер болсақ, қазір бәрі де - базарлар да, өндіріс те жұмыс істеп тұр. Тауық бұрынғыша жұмыртқалап, сиыр баяғыдай сауыла береді. Наубайханалар жабылмайды. Сауда нүктелері де, сауда алаңдары да бұрынғыдай жұмысын жалғастыра береді. Міне бұл – ешқандай дүрбелең туғызудың қажеті жоқ», - деді Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін аталмыш баспасөз мәслихатында Бақыт Сұлтанов коронавирус инфекциясына байланысты супермаркеттер мен базарларда туындаған дүрбелеңге байланысты қазақстандықтарды сабырға шақырған болатын.