Коронавирус: Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймаққа енді
08:24, 11 Тамыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, Қазақстанның барлық өңірі коронавирус бойынша «қызыл» аймақта орналасқан.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.