Коронавирус күдігіне іліккен 61 адам ауруханадан шығарылды
«6 қаңтардан кейін Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтарға мониторинг жасау жалғасуда. Олардың 90% бақылауға алынды. Осы апта бойы біз дене қызуы бар барлық адамдар туралы емес, 6 қаңтардан бастап Қытайдан келгендер туралы айтып жатқанымызды еске саламыз», - Диас Ахметшәріп Қазмедиа орталығында өткен брифингте.
Оның айтуынша, 94 адам дене қызуы мен ЖРВИ шағымымен оқшауланған ауруханаға жатқызылды.
«Қазір 33 адам ауруханада қалды. 61 адам стационардан шығарылды. Күн сайын ауруханадан шыққандардың саны артуда. Барлық ауруханадан алынған сынамалар қосымша бақылау үшін Алматыдағы Ұлттық ғылыми ерекше жұқпалы аурулар орталығына жіберіледі. Бұл орталық жаңа коронавирусты Полимеразды тізбекті реакция әдістемесін меңгерген», - деді Д. Ахметшәріп.
Бұған дейін министрліктің ресми өкілі Ухань қаласынан эвакуацияланған студенттердің ауруханадан қашан шығарылатынын айтқан еді.