Спикердің сөзінше, Алматы өзге өңірлер сияқты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының «жасыл» аймағында тұр. Вирустың таралуы да едәуір төмендеген.
«Өткен тәулікте КВИ-дің 15 жағдайы тіркелді, бірақ бұл карантин шараларын елемеуге себеп болмайды. Тұрғындарды жабық бөлмелерде маска режимін сақтауға шақырамын, себебі бұл талап міндетті болып қала береді, - деді Әсел Қалықова.
Сонымен қатар, ол қаладағы сырқаттанушылық көрсеткішінің төмендеуі қолданыстағы шектеулердің, соның ішінде Ashyq жобасы бойынша шектеулерді жеңілдетуге мүмкіндік берген.
Әсел Қалықова қала тұрғындары үшін КВИ-ден вакцинациялау және қайта вакцинациялау әлі де маңызды екенін атап өтті. Иммундық қабатқа кемінде 75-85% жету керек, ал қаланың имундық қабаты қазір 60 пайыз көлемінде.
«Бүгінде вакциналық профилактика жұқпалы және паразиттік ауруларға, соның ішінде коронавирусқа қарсы негізгі қорғаныс шарасы болып табылады», - деп атап өтті СЭБД басшысының орынбасары.
Эпидемиолог ревакциналануды кешіктірмеу, маска режимін сақтау, дезинфекцияны жүргізу және әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды екенін атап өтті.