Республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, олардың 10-ы Бішкекте, тағы бесеуі – Ош қаласында тіркелді.
Пандемия басталғалы, барлығы 200 337 оқиға тіркелген.
Соңғы тәулікте республика бойынша COVID-19 диагнозымен жатқан 119 науқас жазылып, үйлеріне шығарылды. Олардың ішінде: Бішкекте - 65, Ош қаласында - 2, Шу облысында - 15, Ош облысында - 2, Талас облысында – 2, Нарын облысында – 3, Ыстықкөл облысында – 11, Жалал-Абад облысында – 7, Баткен облысында – 9 адам.
Бүгінде бүкіл республикада 235 науқас стационарлық, тағы 1366 науқас амбулаторлық ем алуда.
Соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясынан 2 өлім оқиғасы тіркелді. Республикада қауіпті вирустан 2946 өлім жағдайы тіркелді, оның ішінде 1242-сі зертханалық, 1704-і клиникалық-эпидемиологиялық жолмен расталған жағдайлар.
Бішкекте бір тәулікте медицина қызметкерлері арасында COVID-19 инфекциясының 1 жаңа оқиғасы тіркелді. COVID-19 диагнозы қойылған медицина қызметкерлерінің жалпы саны – 7742.