Коронавирус: «Қызыл» аймаққа 5 өңір енді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа қатысты «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймаққа: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енді.

Айта кетейік, 25 маусым күүні «қызыл» аймақта бір ғана Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан болатын.