Коронавирус: «қызыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлер жоқ
08:20, 11 Наурыз 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, «қызыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлер жоқ.
«Жасыл» аймаққа барлық өңір енген: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.