Коронавирус матрицасы: Нұр-Сұлтан қаласы ғана әлі «қызыл» аймақта
09:52, 25 Маусым 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
«Сары» аймақта: Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.