Коронавирус: Мобильді топ қандай жағдайларда үйге келеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Коронавирус белгілері анықталған адамға мобильді топ үйіне келеді. Олар COVID-19-ға ПТР-тест алады. Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық бақылау кезінде байланыста болған адам коронавирус инфекцияның қандай да бір клиникалық белгілері бар екенін айтса, зертханалық тексеруден міндетті түрде өтеді», - деді спикер.

Сонымен қатар, ол коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алған адам үй карантиніне жіберілмейтінін айтты.

«Егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған кезде үй карантиніне оқшауланбайды. 7-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға тексеру жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады. Егер 7-ші күні COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 тәулік өткенге дейін жалғасады», - деді Ә. Қалықова.