Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақтан шықты
08:22, 26 Қазан 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 қазандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта - Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.