ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда коронавирусқа шалдыққан үш адам ауыр халде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, үшеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.
Облыстық ауруханада барлығы 147 адам ем қабылдауда. Тағы 20 адам Бәйтерек ауданында емделуде.
Дегенмен бүгін 16 адам жазылып шықты, соның 10-ы – Орал қаласынан, біреуі – Шымкенттен, қалғандары – облыс аудандарынан.
Осылайша өңірде сауыққандар саны 242 адамға жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында балабақшалардың қызметі қайтадан тоқтап қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).