11 желтоқсандағы бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 21 оқиғасы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 39 адам емделіп шықты.
2020 жылғы 1 тамыздан 2021 жылғы 11 желтоқсанға дейін коронавирус пневмониясына барлығы 83 435 адам шалдықты. 5185 науқас қайтыс болды, ж азылып шық ты – 75476 адам.
Сондай-ақ 11 желтоқсандағы соңғы мәліметке сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирустан 12 адам қайтыс болды.
2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 12 желтоқсанға дейін коронавирус індеті барлығы 979 975 адамнан анықталды. Жазылды - 948 757, көз жұмды 12 864 науқас.