Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 124 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 127 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

27.08.2021ж. коронавирус белгілері бар пневмонияның 63 жағдайы және 20 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 18 адам емделіп шықты.

13 наурыздан 2020 ж. барлығы: ауырғандар - 69693, 4406 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 58424 жетті.