Коронавирус пневмониясы: 132 адам тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен 132 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап

«18 қарашада коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 132 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 258 адам емделіп шықты», делінген хабарламада.

2020 жылдың наурызынан бастап барлық ауырғандар саны – 81 854, 5 112 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 72 460 жетті.