Коронавирус пневмониясымен ауырған 377 адам тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмония туралы соңғы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«24 тамыздағы коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 377 жағдайы және 26 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 144 адам емделіп шықты.

2020 жылдан бастап барлық ауырғандар саны – 68 675, 4 315 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 58 036 жетті», делінген хабарламада.