Коронавирус пневмониясынан 141 адам жазылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты соңғы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«8 желтоқсанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 74 жағдайы және 6 адам өлімі тіркелді. Оған қоса 141 адам емделіп шықты.

2020 жалдан бастап барлық ауырғандар саны – 83 283, 5 177 өлім тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 75 197-ке жетті», делінген хабарламада.