Коронавирус пневмониясынан 88 адам емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмония туралы соңғы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«13 қарашада коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 43 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 88 адам емделіп шықты.

2020 жылдың наурыз айынан бастап елімізде барлық ауырғандар саны – 81 182, 5 097 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 71 144 жетті», делінген хабарламада.