«Облыс әкімі аппараты басшысының қолы қойылған ұсынымхат барлық мекемелер мен кәсіпорындарға жіберілген», - дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Базарова.
Осыған орай ШҚО Драма театрында 9 наурызға дейін жоспарланған қойылымдар өтпейтін болды. Бұл жайлы мәдениет ордасының ресми сайтында жарияланған.
«Эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында 4-9 наурыз күндері аралығына жоспарланған қойылымдар кейінге шегерілгенін хабарлаймыз. Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Билеттерді театр кассасына өткізулеріңізге болады, - деп хабарлады Театр әкімшілігі.
Сондай-ақ ШҚО Өнер музейіндегі және А.Пушкин атындағы облыстық кітапханадағы шаралар кейінге қалдырылған.