Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 151 адам емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 151 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 12 адам тіркелді. Оның ішіндегі 10 науқаста симптом бар болса, 2 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 26 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 151 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 6,9 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде өткен тәулікте 253 адамнан коронавирус инфекциясының анықталғаны хабарланған.