ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында инфекциялық стационарларда 30 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 індетін жұқтырған 4 адам тіркелді.
«Бір күнде 14 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 30 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 2,4 пайызды құрайды. Жалпы пандемия басталғалы бері аймақ бойынша 59 592 адам вирус жұқтырған», - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, өткен тәулікте елімізде 32 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны хабарланды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.