ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы коронавирус жұқтырған науқастар емделетін стационарлардағы төсек-орын қоры 15,8 пайызға жүктелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 67 адам тіркелді. Оның ішіндегі 50 науқаста симптом бар болса, 17 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.
«Бір күнде 31 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 318 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 15,8 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 1349 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.