Коронавирус симптомдары бар пневмонияға тағы 141 адам шалдықты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жексенбі күні коронавирус симптомдары бар пневмония 141 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 141 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан бүгінге дейін ауырғандардың жалпы саны - 18606, қайтыс болды – 218 адам.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен бір тәулікте елімізде коронавирус 337 адамнан анықталды. Оның ішінде 172-сі клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді. Осы уақытқа дейін індетке жалпы 103 033 адам шалдықты. Жазылып шықты - 82 777, қайтыс болды 1269 науқас.