СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 99 адам коронавирус жұқтырған. Осылайша ауырғандар саны 32 013 адамға жетті. 28 098 адам тәуір болып шықты. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 604 сырқат ем алып жатыр, 34 %-ға жүктелген. 51 адам жансақтау бөлімшелеріне жатқызылған.
Өткен тәулікте қауіпті инфекциядан 3 адам көз жұмды. Осылайша қайтыс болғандар саны 359-дан асты.
Өңір қазан айының басынан бері «қызыл» аймақта. Шамамен 1,5 айдан кейін коронавирусты күнделікті жұқтырғандар саны жүзден төмендеді.