Коронавирус: Токиода төтенше жағдай режимі енгізілді

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапония Министрлер кабинеті 22 тамызға дейін Токиода төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Токиода инфекцияның 920 жағдайы анықталды, бұл бір апта бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 206-ға артты.

Индонезия билігі коронавирус салдарынан орын алған көз жұму жағдайларына байланысты шектеу шараларын күшейтті. Жаңа шектеулер, атап айтқанда, қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне мәжбүрлеп ауыстыруды, мейрамханалар мен дүкендердің жұмыс уақытын шектеуді қамтиды. Шаралар елдің бүкіл аумағында әрекет етеді.
Бірқатар елдерде коронавирус індетіне шалдыққандардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді:Индонезияда 34 379 жағдай, Кувейтте 1 993 дерек. Сонымен қатар коронавирустан көз жұмғандар саны ең жоғары көрсеткіш Бангладеште орын алды: 201 дерек.