«Украина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өткен COVID-19 қарсы вакциналарды ғана қолданатын болады. Сондықтан ресейлік кандидат-вакцинаның Украинада тіркеуден өткені жөніндегі барлық қауесеттер мен саяси мәлімдемелер шындыққа жанаспайды», - деді Ляшко.
Бас санитарлық дәрігер вакциналар жөніндегі ClinicalTrials.gov сайтында орналастырылған ақпаратты да келтірген. Оған сәйкес, Ресей ойлап тапқан Спутник V вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің үшінші кезеңі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады.