«1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлерін вакциналау басталды. 1 ақпаннан бүгінге дейін 2 008 медицина қызметкеріне вакцина егілді. Екінші кезеңде – педагогтер мен күш құрылымдарының қызметкерлері вакцина алады. Одан кейін сәуір айында – студенттер тұр. Ал өз қалауымен вакцина салдырғысы келетін қала тұрғындары мамыр айында екпе ала алады», - деді С. Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ақпан айының басынан бері коронавирустың 2192 жағдайы тіркелген.
Елордада коронавируспен ауырғандардың негізгі үлесі – 30-39 жаста.
Қазіргі уақытта елордада 21 мектепте карантин жалғасуда.