«Коронавирус ілеспе патология болған басқа аурулардан болатын өлім-жітім бойынша айтсақ, осы жылдың 8 айында барлығы 2185 адам қайтыс болды. Қаңтарда – 273, ақпанда – 221, наурызда – 187, сәуірде – 154, мамырда - 189, маусымда - 405, шілдеде - 266, тамызда 490 жағдай тіркелді», - деп түсіндірді Азамат Дүйсенов.
Оның айтуынша, ақпан-тамыз айларында вакцинаның екі компонентін де алғаннан кейін коронавирустан қайтыс болғандар саны – 482 адам, немесе 5% болды.
«Өңірлер бөлінісінде вирустан қайтыс болғандардың үлес салмағы Түркістан облысында, Шымкентте, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында көбірек байқалады. Вакциналар бойынша жүктесек, ең үлкен үлес «Гам-КОВИД-Вак»-қа (Спу́тник V- ред.) тиесілі – 75,3%. Содан кейін – Hayat-Vax-те - 15,5%» - деді Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры.