Коронавирус вакцинасының І компоненті егілген адам саны 9 485 299-ға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 30 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 485 299 адам, ІІ компонентін 9 245 540 адам салдырды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

30 сәуірдегі көрсеткіш бойынша «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 072 942 адам, ІІ дозасын 925 045 адам салдырды.
Оның ішінде І компонент егілгендер:

Жасөспірімдер – 826 665,

Жүкті әйелдер – 38 356,

Бала емізетін әйелдер –

136 640 адам.

ІІ компонент егілгендер:

Жасөспірімдер – 755 504,

Жүкті әйелдер – 33 286,

Бала емізетін әйелдер – 121 089 адам.