Коронавирус жөнінде қайда хабарласуға болады: Өңірлік штабтар тізімі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат агенттігі еліміздің ірі қалалалры мен өңірлеріндегі коронавирус инфекциясы жөнінде хабарласуға болатын байланыс нөмірлері тізімін ұсынады.

Республика бойынша вирустың алдын-алу және қорғану шаралары бойынша кеңес алу үшін 1406 бірыңғай call-орталығына хабарласуға болады. 1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайындығынан өткен.

Сондай-ақ, қазақстандықтар коронавирус туралы сұрақтарын Qoldau 24/7 мобильді қосымша арқылы жолдай алады. Жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.

Ел астанасы Нұр-Сұлтан тұрғындары коронавирусқа қатысты қандай да бір жағдай орын алса, әкімдіктің call-орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласа алады. Қаладағы Led-экрандарда коронавирус бойынша қайда хабарласуға болатыны туралы хабарландырулар көрсетілуде.

Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде төтенше жағдайда жұмыс істейтін жедел штабтар құрылды.

Алматы қаласында коронавирусқа қатысты жағдайларда жедел штабтың 77073168939 және 77017100948 нөмірлеріне хабарасуға болады.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысында коронавирус белгілері байқалған жағдайда 1406 және 103 нөмірлеріне хабарласқан жөн.

Атырау облысы Мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғаныс бөліміне 8 7122 32 03 58 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Ақтөбе облысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 8 7132 55-77-37, дәрілер және маскалар бойынша – 87132 55-75-18 нөміріне хабарласуға болады.

Ақтөбе қаласы бойынша барлық сұрақтар 87787463333, 87132909605 нөмірлеріне қабылданады.

ШҚО бойынша call-орталықтары: 87232-701131 (Өскемен) және 87222-600500 (Семей).

СҚО Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 87152 525059, 87152 340442 нөмірлері дайын.

Маңғыстау облысындағы жедел штаб нөмірі – 30-11-77, Ақтау қаласында – 33-67-00.