Коронавирус жұқтырған 102 адамның жағдайы ауыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 наурыздағы мәлімет бойынша 12 804 адам коронавирус инфекциясынан (11 773 КВИ+ және 1 031 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде

-1 250 пациент стационарда,

-11 554 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

-102 адамның жағдайы ауыр,

-34 пациенттің жағдайы өте ауыр,

-23 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.