Коронавирус жұқтырған 105 пациенттің жағдайы өте ауыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 ақпандағы мәлімет бойынша, 34 417 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде 4 545 пациент стационарда, 29 872 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 258 адамның жағдайы ауыр,
• 105 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.