Коронавирус жұқтырған 14 адамның жағдайы ауыр- министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 сәуірдегі мәлімет бойынша 2 588 адам коронавирус инфекциясынан (1 563 КВИ+ және 1 025 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде

-305 пациент стационарда,
- 2 283 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 14 адамның жағдайы ауыр,
-10 пациенттің жағдайы өте ауыр,
-5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.