Коронавирус жұқтырған 16 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 3 700 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 433 пациент стационарда, 2 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем-дом қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 16 адамның жағдайы ауыр. ӨЖЖ аппаратында жатқандар, жағдайы аса ауыр науқастар жоқ», - деп жазды ақпарат көзі.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 533 500 адам, екінші компонентін 9 316 921 адам салдырды.