Коронавирус жұқтырған 18 мың қазақстандық амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 973 адам короновирус инфекциясынан (10 866 КВИ+ және 12 107 КВИ) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде 4 773 пациент стационарда, 18 200 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 251 адамның жағдайы ауыр;
• 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.