Министрліктің 2 сәуірде таратқан ақпаратына сәйкес, 294 науқас стационарда, ал 2 356 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Соның ішінде, 19 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына жалғанған.
11:34, 02 Сәуір 2022
Коронавирус жұқтырған 19 адамның жағдайы ауыр - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде қазір коронавирус инфекциясынан 2650 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.