Коронавирус жұқтырған 1918 адамның жағдайы ауыр – Денсаулық министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

8 тамыздағы мәлімет бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 918 адамның жағдайы ауыр,
• 405 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.