Коронавирус жұқтырған 25 582 пациент стационарда жатыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 113 402 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде 25 582 пациент стационарда, 87 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 791 адамның жағдайы ауыр,
• 475 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 216 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.