Коронавирус жұқтырған 271 адамның жағдайы ауыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 200 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«27 200 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда, 21 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген хабарламада.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 271 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.