Коронавирус жұқтырған 294 адамның жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 20 096 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

16 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 20 096 адам коронавирус инфекциясынан (–17 430 және 2 666 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 536 пациент стационарда, 16 560 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 294 адамның жағдайы ауыр,
• 89 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 67 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.