Коронавирус жұқтырған 30 мың адам емделіп жатыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 209 адам коронавирус инфекциясынан (–26 052+ және 4 157 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде 6 527 пациент стационарда, 23 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 493 адамның жағдайы ауыр,
• 129 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 92 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.