Коронавирус жұқтырған 34 адамның жағдайы ауыр - министрлік
10:45, 06 Тамыз 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 тамыздағы мәлімет бойынша, 28 469 адам коронавирус инфекциясынан (–28 157+ және 312 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде 1 466 пациент стационарда, 27 003 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
34 адамның жағдайы ауыр,
9 пациенттің жағдайы өте ауыр,
5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.