«Ауру адаммен байланыста болғандардың арасында вирусты жұқтырғандар саны артты, оның ішінде бір отбасы мүшелері арасында сырқаттану жағдайы көп тіркелуде. Өткен екі аптада коронавирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы ұжымдарға қатысты болып отыр», — деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Л. Бюрабекова
Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов адамдардың ауыру саны артып отырған өңірлердің әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін қарастыруды тапсырды.