Коронавирус жұқтырған Теміртау әкімі емделіп шықты

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғалым Әбіханұлына жасаған соңғы ПТР тест теріс нәтиже көрсетті. Жақын арада ол өз қызметіне кіріседі деп үміттенеміз», - деді Теміртау қаласы әкімінің м.а. Мирас Құттыбай.

Еске салсақ, осыдан бір апта бұрын Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.