Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді
08:50, 07 Сәуір 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес, 6 сәуірде 52 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бір адам пневмонияға шалдықты.
Одан бір күн бұрын - 64, ал оның алдыңғы күні - 73 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.