«Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың бәрі анықталып, қазіргі таңда оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ошақтарда коронавирус инфекциясының алдын алуға және індетке қарсы іс-шаралар, қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді», - деді Атырау облысының тауарламен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Мейіржан Есімбаев «Хабар 24» арнасында онлайн режімде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек бұған дейін Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов Атырауда коронавирус жұқтырғандардың қайдан келгенін айтып берген еді.