«Мұнай-газ саласы түрлі өзгерістерге өте сезімтал екені белгілі. Мұнай мен газ – биржалық тауарлар. Сондықтан әлемде болып жатқан өзгерістер бағаға ықпал етіп отыр. Жалпы дамуға, экономикаға әсер ететін кез келген оқиға мен саяси факторлар мұнай бағасына әсерін тигізеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Осы орайда ол ірі мемлекеттер басшыларының мәлімдемелері немесе қандай да бір елеулі шешімдер бағаның қалыптасуына өзгеріс енгізетінін атап өтті.
«Биыл Қазақстан 5 млн тоннаға өндіру көлемін төмендетті. Бұл қадам қоймаларда өнімнің шектен тыс жиналмауы үшін әрі кен орындарының тоқтауына жол бермеу бағытында іске асырылды. Атап айтқанда, осының барлығы ОПЕК келісім аясында қажетті шара болды. Саладағы сарапшылар коронавирусқа қарсы вакцинаны даярлау жақсы нәтиже беріп, экономикалық даму жанданатынын айтуда», - деді Н. Ноғаев.