«Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, ол санатқа жататын адамдардың саны – 2,8 млн адам. Бұл – бүкіл халықтың 15 пайызы. Екіншіден, осы жылдың қазан айының соңына дейін 13 модульді инфекциялық ауруханының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ол 3 100 төсек орынға арналған нысандар. Ол нысандар облыс орталықтары мен Алматыда орналасқан», - деді Үкімет отырысында.
Алексей Цойдың айтуынша, бүгінгі таңда елдегі инфекциялық және провиорлық стационарларда 3 379 жасанды тыныс алу аппараты бар.
«Қосымша 2 619 аппарат сатылып алынады. Оның 1500-і отандық өндірістен шығарылған», - деді ол.