Коронавирусқа қарсы вакцинаны қанша адам салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 ақпандағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 9 307 509 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 8 884 789 адам салдырды.