Коронавирусқа қарсы вакцинаны қанша қазақстандық алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 04 қаңтардағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 005 548 адам, 2 - ші компонентін 8 536 373 адам салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылғы 04 қаңтардағы «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 361 484 адам,

ІІ-ші дозасын 151 944 адам салдырды. Оның ішінде:

І-ші компонентімен

Жасөспірімдер – 291 080,

Жүкті әйелдер – 20 306,

Бала емізетін әйелдер – 50 076.

ІІ-ші компанентімен

Жасөспірімдер – 122 890,

Жүкті әйелдер – 8 027,

Бала емізетін әйелдер – 21 021.