«Вакциналаудың қорғаушы әсері алғашқы дозаны салғаннан кейін 12-14 күнде пайда болады. Алайда толыққанды қорғанысты қамтамасыз ету үшін екінші дозаны салу керек. Жалпы вакцина салынғаннан кейін екі аптадан соң адамның ағзасында антидене пайда болады. Иммундық жүйе вирусты танып, антиденелерді (белоктарды) туғыза бастайды. Ағза вирусты тани түседі. Мұндайда вирус қайтадан ағзаға түссе, иммундық жүйе оны бірден танып, бірден көзін жояды. Яғни оның көбеюіне, ауру туындатуына жол бермейді», - деді Нұршай Әзімбаева.
Оның айтуынша, вакцинаның бір ғана дозасын алған адамның иммунитетіндегі қорғаныс қабілеті ұзаққа бармайды. Сол үшін қорғаныс қабілетін арттыру үшін екінші доза салынады.
Еске сала кетсек бұған дейін Нұршай Әзімбаева ақылы екпе кабинеттерінде КВИ-ге қарсы вакцина салынбайтынын ескерткен еді.